Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй құрылысымен танысты

25 Тамыз 2020, 13:28
1143
Бөлісу:
Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік баспананың бір бөлігін қыркүйек айында тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды. 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатылатын бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының басында болдым. Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деп жазды ол.

Сонымен бірге аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылады: ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары, медициналық мекемелер, балаларға арналған үйірмелер және т.б. Аудан тұрғындары үшін медициналық жедел жәрдем станциясы жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына) тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесіп биыл дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полицейлерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған тағы 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Келесі жылдарға да дайындаламыз, – деп жазды Алтай Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы