Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесу өткізіп жатыр. Іс-шара аясында оған қаладағы көшелерді қардан тазалау жұмысына қатысты сұрақ қойылды.
Біріншіден, биыл қар көп жауды. Осы ретте коммуналдық қызметімізге алғыс айтқым келіп тұр. Олар сіздер үшін күні-түні бойы жұмыс істеді. Статистика – бұл фактілер. Осы қыста қар нормадан 3,5 есе көп жауды. Біз 2 млн куб қарды шығардық. Қазір жолдар таза. Енді үйлердің ішіндегі жолдарды және жеке үйлерді тазалап жатырмыз. Бұл табиғат, қыста кейде қар жауады, ал биыл тіпті көп, - деді Алтай Көлгінов.
Оның сөзінше қазірдің өзінде көктемде болуы мүмкін қар тасқына қарсы жұмыс басталып, арнайы штаб құрылды.
Барлық орынбасар өз жұмысына тағайындалды. Барлық қызметтер дайын, қосымша техника алдық. Үш бораннан өттік. Бұл сол қызметтердің жұмысы, тіпті әскерилер мен полицияны да тарттық. Мыңнан астам адам құтқарылды, бірде бір адам қайтыс болмады. Сол үшін оларға алғыс айту керек. Ендігі мақсат – тасқынды болдырмау. Ол үшін жұмысты қазірден бастап кеттік, - деді әкім.
Осыған қоса Алтай Көлгінов елордадағы Байқоңыр әкімінің жемқорлықпен ұсталғанына байланысты пікір айтты.
Бәрі заң бойынша болады. Заң не дейді, соны істейміз, - деп қысқа қайырды әкім өзінің қол астында істеген әкімнің ісі бойынша.