Көлгінов: 2020 жылы елордада 8 мың пәтер саламыз

12 Ақпан 2020, 11:20
1700
Бөлісу:
Көлгінов: 2020 жылы елордада 8 мың пәтер саламыз
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артады. 

Қолжетімді баспана біздің азаматтарды мазалайтын ең маңызды сұрақтардың бірі. Қазір тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Олардың арасында аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы аналар бар. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 азаматқа пәтер бердік. Оның ішінде 1050 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілді. Енді биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді баспана көлемін 3 есеге көбейтеміз. 2020 жылы жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған, бұл шамамен 8 мың пәтер. 2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді Алтай Көлгінов.
чина1.jpg

Сонымен қатар, әкімнің сөзінше апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. 


чина2.jpg
Бұл бағдарлама 7 жыл бұрын басталған еді. Осы уақытта 200-ден аса үйдің мәселесі шешілді, енді әлі 135-ке жуық үй қалып отыр. Мысалы, өткен жылы ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Мұнай базаларына жақын жерде орналасқан 39 разъездің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлерге қатысты барлық атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі негізде жүргізілуде, - деді елорда әкімі.
Өзгелердің жаңалығы