Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басты мәселелердің бірі. Елбасының тапсырмасы бойынша осы бағыттарға қосымша 100 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров онлайн брифинг барысында айтты.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басты сұрақтардың бірі болып табылады. Жалпы фермелердің қаражаттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін арзандатылған сыйақы бойынша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу сияқты құралдар қарастырылған. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі 10 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Жалпы қаражат көлемі 70 млрд. теңге, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді, - деді спикер.Сонымен қатар, егіс жұмысын қаржыландырудың негізгі фактілеріне тоқталып өтті.
Бір шаруаға арналған орташа чек 29,6 млн. теңгені құрады. Шаруалар ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды, заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке дейін, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер үшін 16-дан 12-ге дейін. «Кең дала» несиелендіру бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиемен 2346 агроөнеркәсіп субъектісіне қолдау көрсетілді. Қолдаумен қамтылған жалпы егістік алқап 3 млн 50 мың гектарды құрады. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 100 млрд. теңге бөлінді. Соңғы несие алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, қаражат 12 ай кезеңіне беріледі. Бағдарлама қаражатын Аграрлық несие копрорациясы, несие серіктестіктері, оның ішінде банк кепілдігіне алуға болады, - деді вице-министр.Фермерлердің өнімін форвардтық сатып алуға ерекше назар аударғысы келетін айтты.
31 наурызда Мемлекет басшысы әкімдіктер мен Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан өнімді кепілді сатып алу тетігін әзірлеуді тапсырды. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында форвардтық сатып алу тетігі тұжырымдамалары мақұлданды. Форвардтық сатып алуға қажетті бюджет қаражатының жалпы сомасы 24,5 млрд.теңгені құрайды. Қаржыландыру алдын ала төлем арқылы жүзеге асырылатын болады. Мысалы, бидай бойынша алдын ала төлем бір тонна бидай үшін 50 мың теңге болады, қалған сома күзде қалыптасатын нарықтық бағалар негізінде есептелетін болады, - деді спикер.
Брифинг барысында вице-министр шаруалардан форвардты сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді азық-түлік келісім шарт корпорациясы қабылдайтындығын және жергілікті атқарушы органдар бекітетінін атап өтті.
Айта кеткен жөн, бөлінген қаражатқа төрт ауыспалы егіс айналымын есепке ала отырып 4 млн. га алқапта (жалпы егіс алқабының 20%) ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.