Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда тегін спорт секциялары жұмыс істей бастады, деп жазды "Хабар 24".
Жасөспірімдерге мұндай мүмкіндікті полицейлер ұсынып отыр. Жаттығулар "Динамо" кешенінде өтеді. Үйірмелер ашылысымен, 60 бала жазылып үлгерді. Олар дзюдо, волейбол және ауыр атлетикамен айналысады. Жеткіншектерді спорт шеберлері мен есімі республикаға белгілі бапкерлер жаттықтырады.Тәртіп сақшыларының айтуынша, секцияға алдымен есепте тұрған жасөспірімдер мен жетім және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар қамтылған.
Қалада көптеген секциясы ақылы. Ал мұнда балаларға кең зал, озық құралдармен тегін жаттығуға үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Тәні мен тәжірибесін шыңдаған өрендерден көп үміт күтеміз. Шымырлығы және еңбекқорлығымен көзге түскендерге мемлекеттік қолдаулар бар, - деді ауыр атлетика жаттықтырушысы Атырбек Оздоев.