Көкшетауда КВИ жұқтырған отыз төрт ана өмірге сау сәби әкелген

21 Тамыз 2020, 23:43
1125
Бөлісу:
Көкшетауда КВИ жұқтырған отыз төрт ана өмірге сау сәби әкелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің соңғысы сәбиін аман-есен босанып, отбасына оралды, деп хабарлайды «Хабар24».

Бір аптадай дәрігерлердің бақылауында болған ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Жалпы инфекциялық стационардың перзентханасында 4 айдан астам уақыттың ішінде қауіпті індетке шалдыққан 33 әйел босанып, 34 нәресте дүниеге келген. Ал стационардың өзінде бас-аяғы 1 мыңнан астам науқас емделіп шықты.

Қазір Көкшетау қалалық ауруханасы қалыпты жұмысына көшкен.  
Қазір барлық бөлім тлығымен бұрынғыдай жұмыс істеуге көшті. Науқастарды емхананың жолдамасымен келетіні бар, шұғыл түсетіні бар, жоспарлы жатқызу бар, барлығын қабылдап жатырмыз. Қазір 7 операция жасадық, – дейді қалалық аурухананың бас дәрігері Нариман Сыздықов. 

Өзгелердің жаңалығы