Junior Eurovision. Қарақаттың бейнебаяны шықты

11 Қазан 2020, 19:27
1829
Бөлісу:
Junior Eurovision. Қарақаттың бейнебаяны шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан қазақстандық 12 жастағы Қарақат Башанованың "Forever" әніне арналған бейнебаяны байқаудың Youtube арнасында жарияланды.

Жас орындаушы өзінің “Forever” әнін 7 жасында айырылған әкесіне арнаған. Осы өлеңді былтыр Ержан Максимге ән жазған композитор Хамит Шаңғалиев шығарған.

Бейнебаян сценарийін режиссер Малик Зенгер ойластырған. Онда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі.

Қарақат 5 жасынан ән айтады. Қазір ол Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық музыка академиясының музыка мектебінде оқиды, фортепиано мен скрипкада ойнайды.

Ол Қазақстандағы бірнеше вокал байқауына қатысқан. Қарақат “Балалар дауысы 2018” байқауының финалисі.

Junior Eurovision-2020 байқауының гранд-финалы 29 қарашада телекөпір форматында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасының даусы мен онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

 

Өзгелердің жаңалығы