«Junior Eurovision» байқауында еліміздің намысын кім қорғауы мүмкін?

22 Тамыз 2020, 14:34
2414
Бөлісу:
«Junior Eurovision» байқауында еліміздің намысын кім қорғауы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше «Junior Eurovision» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуінде қазылар алқасы финалға өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушыны анықтады. 12 финалистің есімі jevision.khabar.kz сайтында дауыс беру арқылы белгілі болады. Онлайн-дауыс беру 22 тамыз күні, яғни бүгін сағат 00.00-де басталып, 31 тамыздың түн ортасына дейін жалғасады.

Байқауға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 684 өтінім келіп түскен. Бастапқы кезеңде ұйымдастырушылар 72 өтінімді іріктеп алды. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды.

Сонымен, келесі кезеңнің қатысушылары кімдер?

1.      Абдрахманова Жанерке

2.      Алтынбекқызы Сания

3.      Балгазина София

4.      Башанова Қарақат

5.      Бекжан Назарбек

6.      Бурханова Адия

7.      Ғазизқызы Камила

8.      Гилёва Камила

9.      Жұмабай Әбілқайыр

10. Жақыпбеков Нұрмұхаммед

11. Жұмажан Айдана

12. Заушева Айлун

13. Қалдыбек Жанель

14. Кузденбаева Камилла

15. Кунадилова Адель

16. Кусанова Нұршат

17. Маким Жан

18. Максимов Мирас

19. Манарбекқызы Ақжібек

20. Мукитанова Айым

21. Нұржанова Акнұр

22. Өмірбайұлы Сағын

23. Сағынбаева Алина

24. Сайполлда Ислам

25. Тілепова Дильназ

26. Тілеубек Әйкерім

27. Тілеуінбетова Жасмин

28. Төлеубай Дінмұхаммед

29. Тұрсынова Махинұр

30. Шерхан Арыстан.

зшшшш1.jpg

Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамында «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, композитор Хамит Шаңғалиев, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов болды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған қазылар алқасының мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзірбайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.

«Junior Eurovision» байқауы «Junior Eurovision» байқауы ның Ұлттық іріктеуінің финалы 26 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Жоба ұйымдастырушылары іріктеудің бірінші кезеңіне қатысқан барлық жас орындаушыға алғыс айтып, барлық қазақстандықты jevision.khabar.kz сайтынан ең мықты қатысушыға дауыс беруге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға Қазақстан осымен үшінші рет қатысып отыр. Бұл – «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болды. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірді.

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде - яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек ).

2018 жылы байқауға Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Былтыр Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын).

ерер.jpg

«Балалар Евровидениесі-2020» Ұлттық іріктеуі 4 кезеңнен тұрады.        

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдерді қабылдау 20 тамызда аяқталды.

Екінші кезең – бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған қазылар алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең - jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторлардың қатысушыларға арнап жазған арнайы әнді 12 финалист шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. 

Ал ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.


Өзгелердің жаңалығы