Jas Otan белсенділері ертең сенбілік өткізеді

25 Маусым 2021, 22:45
1343
Бөлісу:
Jas Otan белсенділері ертең сенбілік өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусым күні сағат 11:30-да жасотандықтар сенбілік ұйымдастырады. Сенбілікке Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев, Жастар қанатының белсенділері, «Biz birgemiz» қозғалысының еріктілері қатысады.

Сенбілік барысында көшелер, тротуарлар және орамішілік аумақтар тазартылады. Нөсерлік және арық кәріз желілері, саябақтар мен скверлер тазартылып, жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар жастар рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен ластанған учаскелерді қалпына келтіреді.

Сенбілікке қатысушылар арнайы құралдармен (күрек, тырма), қолғаптар және қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар шара барысында барлық санитарлық норма сақталады.


Өзгелердің жаңалығы