Израиль Сириядағы ирандық нысандарға соққы беріп жатыр

21 Қаңтар 2019, 09:59
3592
Бөлісу:
Израиль Сириядағы ирандық нысандарға соққы беріп жатыр

Астана, BAQ.KZ. Израильде сириялық әуе күштерінің Израиль территориясына соққысының алдын алды.

«Израиль қорғаныс армиясы қазір Сирия территориясында ирандық «Аль-Кудс» (арнайы тағайындалған күштер – ТАСС) күштерінt соққы жасап жатыр. Израиль армиясы Сирияның қарулы күштері Израиль территориясына немесе күштеріне соққы беруінің алдын алуда», - деп жазылған әскери мәлімдемеде.

SANA агенттігі бұған дейін Сирияның әуешабуылына қарсы кешендері жаудың бірнеше нысанының алдын орағананын жазды. Агенттіктің тілшісі Дамаскта жарылыс дыбысы естілгенін  хабарлаған. 

Жексенбі күні Израилдің әуешабуылына қарсы «Темір күмбез» жүйесі Голан биіктігінен жіберілген зымыранның алдын орады. Израиль мемлекеттік Kan радиосының хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер немесе қирау туралы хабарлама түспеген. SANA агенттігі елдің оңтүстігінде Сирияның Әуешабуылына қарсы жүйесі Израиль әуе шабуылына тойтарыс бергенін хабарлаған.

13 қаңтарда Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның Сириядағы әскери қақтығысын тоқтату мақсатында иран нысандарына шабуылдарды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол 12 қаңтарға қараған түні Дамаск әуежайындағы қарулы қоймаға шабуыл жасалғанын растады.

 

Өзгелердің жаңалығы