Израиль соққы жасап, арабтар бітім ұсынды: Газада тағы қырғын болды

23 Сәуір 2025, 16:57
855
Бөлісу:
Израиль соққы жасап, арабтар бітім ұсынды: Газада тағы қырғын болды
Фото: pixabay.com

Бүгін араб делдалдары Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату жөнінде бес жылдан жеті жылға дейінгі бітім мен қалған тұтқындардың бәрін босатуды қамтитын ұсыныс дайындап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press News-ке сілтеме жасап.

Газа қаласындағы мектепке айналған баспанаға жасалған Израильдің әуе соққысынан 23 адам қаза тапты, - деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау органдары.

Израиль бұл соққыға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ал Франция, Германия және Ұлыбритания Израильдің Газадағы жағдайды сынға алды.

Мысыр мен Қатар бұл ұсынысты әлі әзірлеп жатыр. Мысырлық және ХАМАС өкілі хабарлағандай құжатта Израиль әскерін біртіндеп Газа секторынан шығару және палестиналық тұтқындарды босату қарастырылған.

Сондай-ақ Израиль Газа секторын толықтай жауып тастап, азық-түлік сияқты барлық тауарларға тыйым салып отыр. Кей бөліктерін мерзімсіз бақылауда ұстайтынын да жеткізді.

ХАМАС өз кезегінде: қалған ондаған тұтқынды тек палестиналық тұтқындар босатылғанда, Израиль толық шыққанда және тұрақты бітім орнағанда ғана босататынын айтты. Бұл талаптар бұрынғы, қазір күшін жойған қаңтар келісімінде де болған. ХАМАС делегациясы сейсенбі күні кешке Каирге келіп, осы ұсынысты талқылауға кірісті.

Палестина президенті Махмұд Аббас ХАМАС-ты тұтқындарды босатуға шақырып, бұл қадамнан соң Израильге соғысты жалғастырмайтынын айтты. Сондай-ақ Батыс жағалауда сөйлеген сөзінде ХАМАС-ты қарусыздануға шақырып, оларды бұрын-соңды қолданбаған "иттің балалары" деген ауыр сөзбен атады.

Өзгелердің жаңалығы