Израиль Сириядағы әскери инфрақұрылымға соққы жасады. Бұл туралы dw.com сайтына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, соққылар «жер-әуе» класты зениттік қару-жарақтарға бағытталған. Израиль Қорғаныс армиясының Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде, ЦАХАЛ «Израиль азаматтарын қорғау үшін, қажет болған жағдайда, әрекет етуді жалғастыратыны» айтылған.
Сондай-ақ Сирия аумағында жараланған бес сириялық друз Израильге емделуге эвакуацияланғаны хабарланды.
Мәлімдемеде ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігіндегі друз ауылдары маңына жау күштерінің енуіне жол бермеуді көздейтіні және жағдайды бақылауда ұстап отырғаны атап өтілді.