2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 289 адамға жетті. Бұл туралы Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйене отырып, Anadolu агенттігі хабарлады.
Ведомство ұсынған соңғы мәліметтерге сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде бұған дейін жарақат алған 4 адам көз жұмған. Сонымен қатар тағы 12 адам жарақат алған.
2025 жылдың 10 қазанында күшіне енген атысты тоқтату режимінен бері Израиль шабуылдары салдарынан 713 адам қаза тауып, 1 940 адам жараланған. Бұған қоса, қираған ғимараттардың астынан 756 адамның мәйіті шығарылған.
Жалпы алғанда, 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 289 адамға, ал жараланғандар саны 172 040 адамға жетті.
Сондай-ақ Палестина анклавындағы қираған ғимараттардың астында әлі де мыңдаған адамның денесі жатқаны хабарланып отыр.