Израиль билігі Ислам революциясы сақшыларының корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштері командирі Алиреза Тангсиридің Израильдің әскери шабуылы нәтижесінде қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ке сілтеме жасап.
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, Тангсири Ормуз бұғазын минамен жабу және блоктау жұмыстары үшін тікелей жауапты болған. Оның қазасы – ИРСК-ке арналған «хабарлама». Министр ЦАХАЛ Иран әскери күштерін біртіндеп бейтараптандыруға уәде берді.
AP агенттігінің дерегінше, шабуыл Иранның Бендер-Аббас порттық қаласында жоғары лауазымды командирлермен кездесіп жатқан кезде жүзеге асырылған. Иран билігі Тангсиридің қаза тапқанын ресми түрде растаған жоқ.
Израиль бұл әрекеттерін «соғыстың мақсаттарына жету үшін» жалғастыратынын жеткізді.
Бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Иранға қатысты мәлімдеме жасаған еді.