Израиль Газада 6 апталық үзіліс жасауға келісті

4 Наурыз 2024, 15:10
459
Бөлісу:
Израиль Газада 6 апталық үзіліс жасауға келісті

Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Израиль ХАМАС-тың қақтығысты уақытша тоқтатып, кепілдегі тұтқындарды босату туралы ұсынысын қабылдамаған еді. Бұл келісім АҚШ және Қатардың араағайындық жасауының нәтижесінде болды. 

Бұл келісім екі жақтағы кепілдегі адамдарды босатуды және Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік береді. БҰҰ мәліметтері бойынша былтыр қақтығыс 7 қазанда басталғаннан бері 30 мыңнан астам палестиналық, 1200-ге тарта израильдік қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы