Израильдің Мерон тауында опат болған 45 адамның тұлғалары анықталды

2 Мамыр 2021, 18:53
1624
Бөлісу:
Израильдің Мерон тауында опат болған 45 адамның тұлғалары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абу-Кабир сот медицина ұлттық институтында Израильдің Мерон тауындағы кептеліс кезінде қаза болған 45 адамның тұлғасын анықтау процесі аяқталды.

Бұл туралы ТАСС еврей мемлекетінің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

The Jerusalem Post газетіндегі ақпаратқа сәйкес, қаза болғандардың арасында АҚШ-тың алты азаматы және Канаданың екі азаматы болған.

Бүгін елде ауыр қазаға байланысты Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Еске салсақ, жұмаға қараған түні Израильдің солтүстігіндегі Мерон тауында Лаг ба-Омер діни мерекесі кезінде 45 адам қайтыс болып, 150 адам зардап шеккен болатын. 

Лаг ба-Омер - ортодоксалдық мереке. II ғасырда дәл сол күні эпидемия аяқталған көрінеді. Сонымен қатар бұл күні раввин - Шимон Бар Йохайдың жылдығы болған. Йохайдың мазары Мерон тауында орналасқан екен. Сол себепті яудейлер үшін бұл мекен қасиетті саналады.


Өзгелердің жаңалығы