Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысының ғылым және технологиялар мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Мусинов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы осындай дінаралық және конфессияаралық өзара іс-қимылды диалогты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып отыр. Бұл миссия барлығымыз үшін аса алғы шептегі басты миссиялардың бірі. ИЫҰ-да біздің көз жеткізіп отырған нақты қағидаттардың бірі – бірлікті қамтамасыз ету. Көптеген елдер көрсетіп отырғандай, бұл диалогтың мәнін бұрынғыдан да күшті етіп бекітіп беру қажет. Сондықтан өркениетаралық диалогтың біртұтас кешені күшейтілу керек. Қабылданып шаралар да өте күшті болуы тиіс, - деп атап өтті Асқар Мусинов.
Айтуынша, пандемиядан кейін орын алған проблемаларды талқылау өте маңызды.
Әлем екі жыл бойы пандемиядан зардап шекті. Бұл тақырыпты одан әрі өрбіту керек. Себебі әлеуметтік, рухани дамудағы прогресті қамтамасыз етуде діни көшбасшылар табыстың кілтіне айналуы тиіс, - деді Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін съезде сөз сөйлеген Сауд Арабиясының Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі дағдарыс пен кедейлікте әлемдік дін көшбасшыларының ықпалы артатынын айтқан болатын.