Иван Дычко америкалық боксшыны жеңді

11 Мамыр 2019, 14:16
1978
Бөлісу:
Иван Дычко америкалық боксшыны жеңді

Алматы, BAQ.KZ. Ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко (8-0, 8 КО) америкалық боксшы Рэя Остинді (29-10-4, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Флоридада өткен жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Остин жұдырықтасуды жалғастырудан бас тартты.

29 жастағы Дычко жекпе-жектерінің барлығын АҚШ-та өткізіп келеді. Кәсіпқой боксқа ол 2017 жылдың қыркүйек айында ауысқан болатын. Иван Дычко Олимпиада-2012 және 2016-ның қола жүлдегері.

Ал, 48 жастағы Остин үшжылдық үзілістен кейін ақпан айында рингке оралған. 2007 жылы IBF титулына таласып, украиндық Владимир Кличкодан нокаутпен ұтылған.

Өзгелердің жаңалығы