IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды

6 Қазан 2022, 03:20
1237
Бөлісу:
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы жуырда Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан оралған жеңімпаз түркістандық өрендерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында сонымен қатар халықаралық додалар мен Әлем Кубогінде жүлде алған спортшылар да марапаттан шет қалмады.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас жүлдені иленген болатын. Отандастарымызды жеңіске бастаған бұл доданың ақтық сынында Қырғызстан құрамасымен жауапты кездесу барысында Түркістан облысының талантты көкпаршысы Әділет Мамыт екі бірдей салым тастап, қазақстандық шабандоздарды алға сүйреді. Еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары құрамасында облысымыздың төрт спортшысы Арман Жамалбеков пен Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан пен Әділет Мамыт өнер көрсетіп, ел намысын қорғады. Әр төрт жыл сайын өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында түркістандық атақты шабандоз Әділет Мамыт өзінің мықтылығын көрсетіп, құрамадағы жігіттерді жеңіске бастады. Жиында Түркістан облысының ұлттық спорт мектебінің басшысы Ғани Ахметбаев жеңімпаз шәкірттерді ірі жетістіктерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Басқосуда дарынды тоғызқұмалақшылар – Аружан Салман мен Ақбота Намаз, жамбы атудан түрік стилі мен нысана көздеуден күміс және қола жүлде иеленген Айкөз Ералхан да марапатталды. Жақында ғана Руминияда Әлем кубогында түркістандықтар Аружан Салман мен Ақбота Намаз тоғызқұмалақтан жүлде жеңіп алды.

Марапаттау халықаралық жарыстарда асық атудан Әлем кубогын иеленген Алмас Қарабаев, қазақ күресінен күміс жүлдегер Бөлеген Еркінбек те марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы