25 Шілде 2020 2020, 07:13
25 Шілде 2020 2020, 07:13
1622
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық үстел теннисі федерациясы тамыз айының соңына дейін үстел теннисінен жарыстардың өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Коронавирус пандемиясына байланысты үстел теннисінен жарыстар наурыз айында тоқтатылды.
Чехия ашық чемпионаты 25-30 тамыз күндері Оломоуцте өтеді деп жоспарланған болатын. Чехия үстел теннисі қауымдастығы мен халықаралық үстел теннисі федерациясы спортшылардың қауіпсіздігі мақсатында жарысты өткізбеуді дұрыс деп тапты.