Итбалықтар өлімінің себебін анықтау бойынша зерттеулер жалғасуда

14 Қараша 2024, 20:34
316
Бөлісу:
Итбалықтар өлімінің себебін анықтау бойынша зерттеулер жалғасуда
Фото: gov.kz

24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында жағалауға лақтырылған 1034 итбалық ұшасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ-ға сілтеме жасап.

Гидробиология және экология институтын, итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығын, сондай-ақ микрорбиология ҒЗИ және вирусология ҒЗО-ны қоса алғанда, ғылыми ұйымдардың қызметкерлерімен әрі қарай зерттеу үшін тіндерді ішінара іріктеу жүргізілді.

Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанова теңіз жануарларының өлімінің болжамды себебі теңіз ортасының ластануы болуы мүмкін деп есептейді.

Балық шаруашылығы комитеті теңіз жануарларының өліміне табиғи құбылыстар – су астындағы жер сілкінісі нәтижесінде табиғи газдар шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Итбалықтардың өлімінің нақты себептері зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ғылыми ұйымдардың пікірінше, бұл 3-4 айға созылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта балық инспекциясының қызметкерлері итбалықтардың өлу фактілері мен себептерін анықтау үшін аумақтық сулардың акваторияларына тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Тексеру барысында итбалықтардың балық аулау торларына түсуінің жекелеген жағдайлары тіркелді, алайда инспекторлар теңіз сүтқоректілерінің жаппай қырылу жағдайларын анықтаған жоқ, - делінген ақпаратта.

Айта кету керек, итбалықтардың өлімі 2000 жылдардың басынан бастап мезгіл-мезгіл орын алады.

Сонымен, 2000 жылы 10 000-ға жуық өлі итбалықтар табылды. Олардың өлімінің себебі созылмалы токсикоз деп аталды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының қызметкерлері қазір Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жұқпалы аурулардың болуына зерттеліп жатқан патологиялық материалдардың сынамаларын алды.

2024 жылғы 13 қарашада ПТР әдісімен пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға сынамалар зерттелді, барлық нәтижелер теріс.

Қазіргі уақытта барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Түпқараған ауданындағы полигонда табылған итбалық ұшаларын жинау, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде.

Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингі жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы