Итбалықтарды сақтау жобасы қолға алынды

14 Қыркүйек 2020, 21:30
2242
Бөлісу:
Итбалықтарды сақтау жобасы қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Гидробиология және экология институты» мекемесінің батыс секторының басшысы Тимур Баймұқанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Каспий теңізінің биоалуан түрлілігін сақтауға арналған зерттеулер мен шаралар жүргізуді көздейтін жоба қолға алынды.

Жоба аясында 15-28 қыркүйек арасында Жаңа, Теңіз, Подгорный, Рыбачий, Құлалы аралдарының жағалауында және аралдар арасындағы қайраңдар учаскесінде, Итбалық Архипелагы аралдарының ұзына бойына тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ,  қоқыс пен торларды жинау бойынша жұмыстар қолға алынбақ. Спикердің сөзінше, Каспий итбалығы балық аулауға арналған торға түсуден өліп жатыр.

Осы жоба аясында 2019 жылдың күзінде Түпқараған жартыаралының батыс жағалауында жүргізілген өлі итбалықтардың денесін зерттеудің нәтижелері олардың өліміне балық аулау торларына түсуі себеп болғанын көрсетті. Бұл экспедиция 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұйымдастырылып, 3 аптаға созылды. Осы уақыт аралығында 500-ге жуық тастап кеткен торлар (2 850 кг) және 6 500 кг құраған өзге де қалдықтар (олардың ішінде шыны, пластик, тұрмыстық қалдықтар) жинап алынды. Каспий теңізінің жағалау бөлігіндегі 94 километр аумақ тазартылды. Жағалаудан табылған торлардың көпшілігі моножіптерден және ірі көзді торлардан тұратынын атап өткен жөн. Нақты осылар итбалықтар үшін өте қауіпті болып табылады, себебі жануарлар бұларға тез оралып қалады да өледі немесе торлардың үзілген бөлігіне оралып, жаралы күйде жүреді де кейін бәрібір осы жай олардың өліміне әкеліп соғады. Жағалаудан сонымен қатар көп мөлшердегі қоқыс табылды.Тексеру барысында ені 50-ден 100 метрге дейінгі жолдың әрбір шақырымынан орта есеппен 120 кг болатын пластикалық бөтелкелер және өзге де қатты тұрмыстық қалдықтар  табылды,- дейді Т.Баймұқанов.

Зерттеулер пластикалық материалдың өте ұсақ бөлшектерге бөлінетінін көрсетті. Спикердің айтуынша, итбалықтар қоректену кезінде пластик материалдарды жұтуы мүмкін.

Сонымен қатар, микропластик жануарлардың ағзасына тағам тізбегі арқылы, яғни олар жеген балықтар мен шаян тәрізділер арқылы енеді. Каспий итбалығы тағам тізбегін тұйықтаушы болғандықтан, олардың ағзасындағы пластик бөлшектердің болуын зерттеу мәселесі өте өзекті болып тұр.Жағалаудағы және Итбалық аралдарының акваториясында тастап кеткен торларды жинау каспий итбалығының тіршілік ету мекенін сақтап қалу үшін қажет және Каспий теңізін қоқысқа толудан тазарту мен торлардан арылтудың маңызы өте зор, - деді ол.

Осы жобаны жүзеге асыру арқылы Каспийдің Қазақстандық бөлігіндегі итбалықтардың жоғалған мекендерін қалпына келтіруқолға алынады.
Өзгелердің жаңалығы