Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанға келеді

11 Қараша 2019, 21:45
1555
Бөлісу:
Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанға келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-14 қарашада Италия Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Сандық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, қаржы, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшыларымен кездесулер жоспарлануда.
Келіссөздер барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл, сауда-инвестициялық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және тағы басқа мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Манлио Ди Стефаноның "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ қолдауымен Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған Қазақстан-Италия бизнес-форумына қатысуы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы