Италияда жаңа локдаун күшіне енді

15 Наурыз 2021, 15:58
1278
Бөлісу:
Италияда жаңа локдаун күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік елде коронавирустық індет көктемнің екінші жартысынан бастап төмендейді деп болжап отыр.

Италияда коронавирустық індеттің өршуі салдарынан жаңа локдаун күшіне енді. Бұл туралы Reuters 15 наурызда хабарлады. Елдің Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза қатаң шектеу шаралары мен вакцинацияланғандар санының біртіндеп өсуіне байланысты ауру көрсеткіші көктемнің екінші жартысынан бастап төмендей бастайды деп үміттенеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, алдағы апталар Италияда жағдай «өте қиын болады».

Айта кетейік, 15 наурыздан бастап Италияның халық тығыз қоныстанған аймақтарында дүкендер, мейрамханалар мен мектептер жабылады. Қала тұрғындары сапарларды, денсаулық жағдайларын немесе басқа да маңызды жағдайларды қоспағанда, үйден шықпауға мәжбүр. Қосымша шектеулер Пасхаға дейін жалғасады, ал 3-5 сәуір аралығында өтетін үш күн Пасхада бүкіл ел қызыл карантиндік аймаққа өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 наурызда Италияда пандемия басталғалы бері коронавирустан 100 103 адам қайтыс болды деп хабарланған болатын. Алғашқы өлім бір жыл бұрын тіркелді.

Сондай-ақ, Италия Президенті Серджо Маттарелле Moderna препаратымен алғашқы COVID вакцинациясын алды. Мемлекет басшысына белгілі бір жас санатындағы азаматтарға арналған вакцинация кестесіне сәйкес коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасалды.

Өзгелердің жаңалығы