Италияда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды

20 Қыркүйек 2024, 08:55
331
Бөлісу:
Италияда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды
Фото: АР

Италияның солтүстігінде Еуропаның бірнеше еліне таралған су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News-тің мәліметінше, су тасқыны салдарынан Румыния, Польша, Чехия мен Австрияда кем дегенде 24 адам қаза тапқан.

Соңғы тәулікте нөсер жаңбыр 48 сағаттан астам уақыт бойы толассыз жауғаны айтылуда.

Өңірде мектептер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Үш өзен арнасынан шығып кеткені белгілі болды.

Билік өкілдерінің дерегіне сүйенсек, 2023 жылы мамырда екі нөсер мен сел салдарынан Эмилий-Романьеде 17 адам көз жұмған. Келтірілген шығын 8,5 млрд еуроға бағаланды.

Өзгелердің жаңалығы