Италияда қазақстандық студент көз жұмды

СІМ Италияда қаза болған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады.

 pac.ru Бүгiн 2026, 15:48
Бүгiн 2026, 15:48
332
Фото: pac.ru

Италияның Бриатико қаласында 21 жастағы қазақстандықтың мәйіті табылды. 9 маусым күні Италияның Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастар арасынан 21 жастағы Қазақстан азаматының мәйіті табылған.

Қаза тапқан азамат Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі болған. Ол Италияның Кассино қаласындағы Unicas университетінің үшінші курсында білім алып жүрген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қаза болғаны туралы ақпаратты растап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, – деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Италиядағы елшілігі елдің құзырлы органдарымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта Италияның құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Наверх