Италияда аптап ыстық салдарынан дабылдың қызыл деңгейі жарияланды

20 Шілде 2022, 05:13
1289
Бөлісу:
Италияда аптап ыстық салдарынан дабылдың қызыл деңгейі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстық салдарынан 5 ірі қалада дабылдың қызыл деңгейі жарияланды. 

Бұл туралы ANSA агенттігі хабарлады. 

Белгілі болғандай, 27 ірі қаланың тоғызы жоғары дайындыққа кіріскен. Себебі ауа райының күрт ысуы Еуропаның көптеген елдерін әуре-сарсаңға салғаны белгілі. 

Қазіргі сәтте Больцано, Брешиа, Флоренция, Латина және Перуджа қалаларында апаттың «қызыл» деңгейі енгізілді. Тағы төрт мегаполис  Болонья, Генуя, Риети мен Рим аталған деңгейде сәрсенбі күні жариялайды деп күтілуде. 

Ауа температурасының көтерілуі Италияда қатты құрғақшылықтың орын алуына себеп болды. Одан елдің ауыл шаруашылығы саласы да қатты зардап шеккен. 

Еуропалық ғалымдар мұндай аптап ыстықты адамның әрекеттерінен туындаған климаттың өзгеру салдарымен байланыстырып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы