Қар, бұрқасын, көктайғақ: Жексенбіде бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кей өңірлерде желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

 pixabay 28 Қараша 2026, 22:47
28 Қараша 2026, 22:47
150
Фото: pixabay
"Қазгидромет" синоптиктері 29 қарашада еліміздің бірнеше облысында қар, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болатынын ескертті. Кей өңірлерде желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады. Қонаев қаласында да түнде және таңертең тұман түседі. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аймақтарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы, оңтүстігі, шығысы мен орталығында 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар қаласында да қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Орал қаласында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні шығыс пен оңтүстікте 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с-ке дейін жетеді.

Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазған қаласында да түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні осы аудандарда 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтау қаласында түнде кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с-ке дейін жетіп, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Көкшетау қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Наверх