Италиядағы қазақстандықтардың назарына!

15 Наурыз 2020, 09:27
1787
Бөлісу:
Италиядағы қазақстандықтардың назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Италиядағы азаматтары үшін арнайы ақпарат таратты.

Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Елшілік ресейлік әуе компаниясының ұшу бағдарламасы өзгеретіндігін ескерткен.

2020 жылғы 11 наурыздан бастап "Аэрофлот" әуекомпаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз.  Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз - делінген елшілік таратқан ақпартта.

Өзгелердің жаңалығы