Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдың кесірінен Францияның оңтүстігін және Италияның солтүстік-батысын су басып, көшкін жүрді.
Францияның оңтүсітігінде ауа райының қолайсыздығынан 3 адам қаза тапты. Тағы бір адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ницца мен Тулон арасындағы қатынас бірнеше мәрте тоқтаған. Өзендердің арнасынан шығуынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылған.
Италияның Лигурия аймағындағы Савона қаласынан 30 км қашықтықта автомобильдерге арналған көпірдің Турин бағытындағы 30 метр учаскесі құлап түскен.
Аймақ билігінің хабарлауынша, көпір көшкіннің кесірінен құлауы мүмкін. Алдын ала мәліметтерге қарағанда зардап шеккендер жоқ.
Аймақ билігінің хабарлауынша, бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдың кесірінен елдегі 370 адам байланыссыз қалып, 120 адам эвакуацияланды.
Туринде әкімшілік орталық болып есептелетін Пьемонтта ауа райының қолайсыздығына байланысты марафон болмайтын болды. Өйткені По өзенінің деңгейі шекті деңгейге жеткен.
Генуедағы Польчевера өзені арнасынан шығап, жан-жағындағы аудандарды су басып кеткен.