Италия коронавирусқа қарсы вакциналарды жойып жатыр

28 Мамыр 2023, 08:27
680
Бөлісу:
Италия коронавирусқа қарсы вакциналарды жойып жатыр
Фото: Артём Чурсинов

Италия коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жоюды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кем дегенде 15 млн екпенің дозасы жойылады деп жоспарлануда.

Вакцинаның көзін жоюға препараттардың ескіруі себеп болған.

Жергілікті басылым күзде фармацевтикалық компаниялар вакцинаның жаңа нұсқаларын шығаруатындығын жазды. Омикрон-штамның жаңа нұсқаларына қарсы екпелер де ойлап шығарылуы мүмкіндігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы