Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Бүгін Мемлекет басшысы өзінің туған күнін, ал біз әріптестерімізбен кәсіби мерекеміз – байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнін атап өтіп жатырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы прогрессивті көшбасшы ретінде цифрландыруды ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы ретінде көреді, - деп жазды министр.
Бұл туралы Президент өткен Жолдауында мәлімдеген болатын.
Біз мемлекетті цифрландыру жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз, және бұл ауқымды процесс IT және телекоммуникация саласындағы кәсіби мамандарсыз жүзеге аспайтыны анық. Цифрландыру, ең алдымен, халықтың өмірін жеңілдетуге бағытталған: қазақстандықтарды қолжетімді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс істеліп жатыр, - деп жазды Мусин.
Министр шалғай елде ұялы байланыстың сапасын жақсарту үшін жұмыс істеліп жатқанын да айта кетті.
Біздің еліміз электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде БҰҰ-ға мүше 193 елдің ішінде 29-шы орынға ие. Үкіметтің ашық деректер индексі бойынша Қазақстан Азия елдері арасында 1-орынды иеленді. Жасырмаймын, бұл саланың өз проблемалары бар. Мысалы, шалғай елді мекендердің тұрғындары ұялы байланыс, интернет сапасына және т.б. шағымданады, біз бұл мәселелерді жедел шешуге тырысамыз, - деді ол.
Оның айтуынша, IT саласы қызметкерлерінің болашағы зор.
IT саласы қызметкерлерінің болашағы зор. Fortune-500 тізіміндегі компаниялар- ертеңін ойлап, уақытылы цифрлық даму жолын таңдаған компаниялар! Баршаңызды шын жүректен құттықтай келе, ризашылығымды жеткіземін, сіздер болашақ экономиканың негізін құрып жатырсыздар! Мереке қарсаңында Қазақстан ресми түрде Орталық Азиядағы Google for Startups (GfS) ұйымының алғашқы серіктесі болды! Бұл оқиға-еліміздің, сондай-ақ бүкіл IT-қоғамдастығымыздың еңбегінің мойындалуы, - деді Бағдат Мусин.