IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

8 Шілде 2021, 13:15
29595
Бөлісу:
IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?
Мақала
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпараттық технологиялар (IT) саласы – әлемдік экономикадағы ең перспективалы салалардың бірі екені өтірік емес. Егер сіз информатикамен айналысуды, мектепте және үйде бағдарламалауды ұнататын болсаңыз, компьютерлік бағдарламалар мен ойындар жасағыңыз келсе, өз қызметіңізді интернетте іске қосқыңыз келсе немесе мобильді қосымшаны ойлап тапқыңыз келсе, онда сізге IT әлемге келу керек.

Елімізде программист, IT мамандарын дайындайтын колледждер мен университеттер жетерлік. Соның бірі – Astana IT University.

IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Astana IT University – Орталық Азиядағы цифрлық трансформация саласындағы жетекші құзыреттілік орталығы. Оның мақсаты – пәнаралық технологияларға негізделген цифрлық экономика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау және оқыту, зерттеу және табысты инновациялар арқылы цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету.

Astana IT University – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылдың қыркүйегінде ашылған еліміздің ақылды және талантты жастарына арналған оқу орны.

IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

ЖОО жайында ғылым және инновация жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Андрей Белощицкий айтып берді.

Университет осымен екі жыл бойы жұмысын жалғастырып келеді. Осынау жылдың ішінде 2 000-ға жуық студенттерді қабылдап үлгердік. 9 бағыт бойынша бакалавриат ашылған. Атап айтқанда, бағдарламалық инженерия, киберқауіпсіздік, компьютер ғылымдары, үлкен деректерді талдау, өнеркәсіптік автоматтандыру, медиатехнологиялар, телекоммуникациялық жүйелер, IT менеджмент және сандық журналистика. Сонымен қатар биыл алғаш рет магистратураға студенттерді қабылдаймыз, - деді профессор.
Оқу ұзақтығы – 3 жыл. Осы жылдар ішінде студенттер бакалавр дәрежесін алып, дайын маман болып шығады. Сондай-ақ үш жылдың ішінде 4 жылда берілетін бағдарламаны үйренеді. Яғни студенттер бірегей бағдарламаның арқасында қажетті біліммен қамтамасыз етіледі.

Біздің ұранымыз – тәжірибе арқылы оқыту

Ал магистратура 2 жыл оқытылады. Қыркүйектен бастап IT саласының ғалымдарын дайындайтын бағыт ашылады. Одан бөлек, университетте зертханалар бар. Коворкингке IT компанияларды студенттермен бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, - деп атап өтті Андрей Белощицкий.
IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Университеттің ұраны – тәжірибе арқылы оқыту. Себебі студенттер IT компаниялармен бірлесе жұмыс істей отырып, білім алады. Айтуынша, екінші курстың студенттері оқуды аяқтамай-ақ қайда жұмысқа орналасатындарын біліп отырады.

Биыл бакалаврда 2 000 студент білім алуда, қыркүйекте тағы 2 000 студентті қабылдауды жоспарлап отыр.

Университет 3 корпустан тұрады. Оқу бағдарламасы осы ғимараттың барлығында жүргізіледі. Сондай-ақ университет территориясында киберқауіпсіздік және басқа да бағыт бойынша әскери кафедра да ашылған. Яғни оқуды аяқтаған соң студенттер запастағы офицер болып шығады, - деп түсіндірді проректор.
Университет барлық қажетті техникамен, зертхана кабинеттерімен жабдықталған.

Astana IT University-ге қалай түсуге болады?

Егер дайындық болса, оқуға түсу оңай. Белгілі бір талаптар бар: математикалық дайындық және информатиканы білу дейгейі жақсы болуы керек. Дегенмен студенттер өздеріне сенімді болулары үшін бізде Foundation бағдарламасы бар. Мұнда оқушыларды университетке түсуге дайындаймыз, - дейді ол.
IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Барлық бағдарлама ағылшын тілінде. Сондықтан оқыту процесі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазақ тілі пәні де өтеді, қалған пәннің барлығы тек ағылшын тілінде. Шет тілдері департаменті балаларды толығымен ағылшын тіліне дайындайды. Кей балаларға қиынға соғатын терминологиямен жұмыс істейді.
Кез келген университеттегідей басқа оқу орнына ауысатындар болады. Дегенмен ең мықты студенттер оқуларын жалғастыра береді. Себебі олимпиадаларға қатысып, бағдарламалау, дизайн, киберспорт бойынша жүлделі орын алып жүрген студенттеріміз де жоқ емес. Оқушылар өте талантты, қабілеттері жоғары, - деп айтты техника ғылымдарының докторы, профессор Андрей Белощицкий.
IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Былтыр 1 100 грант бөлінді. Университетке студенттер конкурс арқылы қабылданды. Сондай-ақ 300 студент келісімшарт арқылы оқуға түсті. Былтыр грант бойынша 1 100-ге дейін шектеу болса, биыл ондай талап жоқ. IT-ге қабілеті бар қанша студент, мысалы, 2 000 не 3 000 бала тапсырса, онда бәріне грант бөлінеді. Оның сөзінше, мұндай санды қабылдауға университеттің қауқары жетеді – аудитория, техника жеткілікті.

ҰБТ-да барынша ең көп балл жинағандар грантқа қабылданады. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын шекті балдың көлемі өзгеріп келеді. Сол себепті кім ең көп жинаса, сол грантқа түседі, - деп атап өтті ол.
Биыл IT саласына 5 мыңға жуық грант бөлінді. Мәселен, IT бағытты 20 мың түлек таңдаса, әрине онда грантты иеленуге бәсекелестік те жоғары болады.

Университет студенттеріне қандай жағдай жасалған?

Бұл – кітапхана. Студенттер кез келген уақытта келіп, осы жерде білімдерін толықтыра алады.

IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Мұнда бағдарламалау, жалпы IT саласына қатысты кітаптар бар. Одан бөлек, кітапхана кітаптың электрон нұсқасымен де жабдықталған.

Университет толығымен Wi-Fi-ға қосылған.

IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Карантин кезінде үйлеріне кетіп үлгермеген студенттер жатақхана жатып оқуларын онлайн жалғастырды.

Қазақстанның IT саласы қаншалықты дамыған?

Көбі бұл салаға тиісті баға бермей жүр. Негізінде әлеует өте жоғары. Себебі IT сала қарқынды түрде дамып келеді. Сұраныс та жоғары, - деді профессор.

IT сала дегеніміз не немесе қалай «айтишник» атануға болады?

Университеттен студенттердің алғашқы легінен 600 түлек, екінші легте шамамен 1 000 дайын маман шығады.

ЖОО екі ауысымда оқитын 8 000 студент үшін жабдықталған.

Айта кетейік, қыркүйек айында университет жанынан IT колледж ашылу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы