IT мамандықтарға қосымша 3 мың адам тегін оқытылады

Бөлісу:
IT мамандықтарға қосымша 3 мың адам тегін оқытылады

Қазақстанда IT мектептерде қосымша 3 мың адам оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Astana Hub базасында 2021 жылдан бері IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған "Tech Orda" бағдарламасы іске асырылып келеді.

"Tech Orda" бағдарламасы бойынша ІТ мектептер үшін 6 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. 2024 жылы Қазақстан азаматтарын IT мамандықтарға оқыту үшін тағы 3 мың ваучер бөлу жоспарланған. Аталған шаралар ірі корпорацияларда да, шағын және орта бизнес секторында да сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді, - делінген ресми хабарламада.

Ал президент Тоқаев 2026 жылға қарай ІТ қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізуді тапсырған болатын. Қазірдің өзінде Қазақстан GovTech саласындағы шешімдерін Тәжікстанға, Того мен Сьерра-Леонеге экспорттап, жаһандық ІТ нарығында өз орнын алуға мүдделі.

Былтыр еліміздің ақпараттық технологиялар экспорты іс жүзінде екі есеге артып, 2023 жылы $529,1 млн-ға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы