IT маман тапшы. Электронды үкімет кімдердің көмегімен іске асады?

22 Шілде 2022, 13:00
2208
Бөлісу:
IT маман тапшы. Электронды үкімет кімдердің көмегімен іске асады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі IT мамандардың тапшылығы қалай шешіледі?

Бұл сұраққа ЦДИАӨМ Цифрлық трансформация департаментінің директоры Назгүл Бажаева жауап берді.

Жоспар 2025 жылға дейін қойылған. IT мамандар өңірлік колледждер арқылы дайындалады. Біздің министрлік Astana Hub арқылы елімізге IT мамандарды оқытуға арналған 20 мың IT-ваучер бөледі. Қазір уақытта біздің ұлттық жоспарымыз бар. Оған сай жоспарлар орындалып жатыр.  Бұл норма енді ғана енді. Әлі басталған жоқ. IT мамандарды оқыту 2023 - 2025 жылдар аралығына жүзеге асады, - деді Amanat партиясының ұйымдастырумен өткен іс-шарада.

Сондай-ақ Бажаева «Электронды үкімет» порталының шетелдіктердің қолына өтпейтінін айтты.

Біздің электронды үкімет толықтай отандық IT мамандардың көмегінмен іске асады. Осындай шешім қабылданды, - деді Назгүл Бажаева. 

Өзгелердің жаңалығы