"Ит – адамның досы". Павлодарлық кинологтар 80 қылмыстың бетін ізін суытпай ашты

14 Маусым 2024, 18:23
386
Бөлісу:
"Ит – адамның досы". Павлодарлық кинологтар 80 қылмыстың бетін ізін суытпай  ашты
Фото: автордан

Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 80 қылмыстың бетін ізін суытпай ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Олардың дені мал ұрлығы, адам денсаулығына қасақана зиян келтіру, тонау қылмыстары болып шықты. Сонымен қатар қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымдағы есірткі заттарды анықталды.

Кинология қызметі орталығының бастығы Нияз Валиевтің айтуынша,  орталықта 28 төрт аяқты полицей қызмет етеді.

Олардың жартысы аудандық полиция бөлімшелерінде жұмыс істейді. Иттердің көмегімен жоғалған адамдар, жарылғыш заттар мен есірткі өнімдерін іздеу шаралары жүзеге асырылады. Төбеттер тәртіп сақшыларымен бірге тәулік бойы кезекшілік атқарады. Адам өлімі, тонау, ұрлық, балалардың жоғалуы сияқты хабарлар түскен кезде дереу оқиға орнына жетеді.  Мәселен жыл басынан бері 24 есірткі қылмысының беті ашылды. Бұл бағытта біз өңірге әкелінген тауар жүктерін тексерумен айналысамыз. Рейдтік шаралар тұрақты өткізіледі. «Закладка» салу, яғни,  есірткіні жасырып тығу деректері бойынша да тексерулер қолға алынады, - дейді Нияз Валиев.

Мамандардың айтуынша, жуырда саяжай аумағында жасырылған есірткі борамалары табылды. Бұл іске есірткі қылмысына қарсы құрылымнан бөлек кинологтар да атсалысады.

Иттердің көмегімен жыл басынан бері 21 келіден астам есірткі тәркіленіп, жойылды. Төрт аяқты тәртіп сақшылары гашиш, марихуана, канабис шайыры, синтетикалық наша түрлерін анықтаған. Ал жарылғыш заттарды қою бойынша 20-дан астам шақыртуға шығып, тиісті шараларды қолға алды.

Иттер сапта тік тұрып, дайын болу үшін жаттығулар тұрақты жүргізіледі. Айта кетейік, кинология орталығы он жыл бұрын ашылған. 

Өзгелердің жаңалығы