ISU Қытайдағы Гран-при турнирі уақытында өтетінін айтты

15 Шілде 2020, 07:13
1046
Бөлісу:
ISU Қытайдағы Гран-при турнирі уақытында өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағы (ISU) қараша айында Қытайда жоспарланған Гран-при кезеңінің нақты уақытында өтетінін мәлімдеді, деп жазды Olympic.kz.

Жоспар бойынша, 6-8 қараша күндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі өтуі тиіс болатын. Алайда, Қытайдың басты спорт басқармасы коронавирусқа байланысты елде 2020 жылдың соңына дейін ешқандай спорттық іс-шаралар өтпейтінін мәлімдеді.

Осыдан соң, ISU мамандары Қытай Ұлттық олимпиадалық комитетімен байланысқа шығып, аталған турнир Бейжіңдегі Олимпиада ойындары қарсаңындағы сынақ турнирлердің бірі екенін жеткізген. Кейін Қытай тарапы мәнерлеп сырғанаудан Cup of Ghina бәсекесінің уақытында өтетінін хабарлады. 

Қытай спорт басқармасының жыл соңына дейін жарыстар өткізбеу туралы шешімі Олимпиада қарсаңындағы сынақ турнирлеріне әсер етпейді. 
Өзгелердің жаңалығы