Сыртқы істер министрлігінде сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

8 Қыркүйек 2020, 20:33
1595
Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігінде сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қойған міндеттерге сәйкес Жобалық кеңсенің жұмысын жандандыру мәселесі бойынша «Адалдық алаңы» жобасына қатысушылардың отырысы өтті.

Жоба кураторы, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Аркен Өтенов өз сөзінде жоба менеджерлеріне жақын болашақта назар аудару қажет бірқатар бағыттарды атап өтті. Оларға Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтерді жеделдетіп автоматтандыру, олардың қол жетімділігі мен жайлылығы, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындауы мүмкін жағдайларды барынша азайту, азаматтық қоғам үшін ашықтық және басшылар мен орындаушылардың жауапкершілігін арттыру жатады.

ҚР СІМ «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын жандандыру және оның қызмет аясын кеңейту үшін жоба құрылымында Кеңес құрылып, оған министрліктің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді. Кеңес «Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмыс стратегиясын әзірлейді, жұмыс жоспарларын бекітеді, сондай-ақ орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Отырыс барысында қатысушылар сыртқы саяси ведомство жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың мүмкіндіктері мен стратегиясы туралы ұсыныстар айтты. Барлық бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белгілеген міндеттерге сәйкес түзетілетін жұмыс жоспарында көрініс табады.

Өзгелердің жаңалығы