Испаниядағы тасқыннан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар ма

31 Қазан 2024, 10:41
279
Бөлісу:
Испаниядағы тасқыннан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар ма
Фото: Жасанды интеллект

Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Испания билігінің алдын ала мәліметі бойынша Валенсияда зардап шеккен немесе қаза тапқандар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Испанияда не болды?

Испанияда болған су тасқыны 95 адамның өмірін қиды. Су тасқыны Валенсия, Кастилья-Ла-Манча және Андалусия аймақтарына ауыр соққы болды. Кейбір жерлерде бір тәулікте мол жауын-шашын мөлшері түсіп, жолдарды су алды. Жүздеген адам эвакуацияланды.

Елдің Премьер-министрі Педро Санчес бұл жағдайды елдегі ең үлкен табиғи апаттардың бірі деп атады. Испания билігі апаттан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін Еуроодақтан қолдау сұрады.

Бұған дейін аталған табиғи апат салдарынан Испанияда үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы