Испанияда қарлы боран құрбандарының саны артты

10 Қаңтар 2021, 19:00
1551
Бөлісу:
Испанияда қарлы боран құрбандарының саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биліктің мәлімдеуінше, қар, екпінді жел және жаңбыр араласқан мұндай ауа райы соңғы 50 жылда болмаған.

Испанияда қарлы боран салдарынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы Көлік, мобильділік және қалалық күн тәртібі министрі Хосе Луис Абалос 10 қаңтар күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Абалос дауыл құрбанына айналған азаматтардың отбасы мүшелері мен достарына көңіл айтты.

Екпінді жел және жаңбыр араласқан қарлы боранды ел билігі соңғы 50 жылдағы ең күшті боран деп атады. Үкімет сонымен қатар тұрғындарды үйден шықпауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадрид қаласында да соңғы он жылда болмаған қар жауған еді. Қалада стихиялық қауіптілік деңгейі 2007 жылы градация жүйесі енгізілгеннен бері алғаш рет ең жоғары деңгейге көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы