Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды

18 Қазан 2023, 19:41
457
Бөлісу:
Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды
Фото: 24.kz

Канар аралдарында 341 мигрант құтқарылды. Оның 12-сі кәмелетке толмаған бала, 23-і әйел адам, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Босқындар Оңтүстік Сахарадан Еуропаға қарай 4 шағын қайықпен шыққан. Елдің жағалау күзеті мигранттарды жақын маңдағы порттың біріне жеткізді.

Көші-қон мәселесі әлі де ушығып жатыр. Келімсектер саны күн санап артуда,- дейді Испания Ішкі Істер министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы