Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылап, Рейкьянес түбегінде шамамен 3 шақырым жарық пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Лава Исландияның ең үлкен туристік орны геотермалдық курорттың тұрағына дейін жайылып, қызмет көрсету ғимаратын бүлдірді.
Жанартаудан шыққан газ қалдықтары Гриндавик қаласына қауіп төндіріп тұр. Билік шұғыл сол маңда қоныстанған 50 үйдің тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Лагуна туристері де эвакуацияланды. 14 жыл бұрын Исландияда ең жойқын атқылау тіркеліп, бірнеше ай бойы әуе қатынасы тоқтаған болатын.