Исламхан ресейлік клубқа бармайтын болды

31 Желтоқсан 2019, 20:02
6371
Бөлісу:
Исламхан ресейлік клубқа бармайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жартылай қорғаушы Алматының "Қайраты" үшін 2014 жылдан бері ойнаған еді.

"Спорт-Экспресс" хабарлауынша, футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Мәскеудің "Локомотив" командасына ауыспайтын сияқты. Себебі, "теміржолшылар" Исламхан бойынша "Қайратпен" келісе алмаған.  

Айта кетейік, желтоқсан айының ортасында "Қайраттың" Қадағалаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Бауыржан Исламхан мен Исламбек Куат командадан еркін агенттер ретінде кеткенін мәлімдеген еді.

Исламбек Қуатқа тоқталатын болсақ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жақын арада Ресейдің "Орынбор" командасына ауыспақ.

Transfermarket мәліметі бойынша, 26 жастағы футболшының трансферлік құны – 2 млн еуро. Қазіргі кезде "Орынбор" командасы Ресей чемпионатында 19 турдан кейін 12-орында келеді.

Еске сала кетейік, Исламхан "Қайратқа" 2014 жылдың қаңтарында, ал Қуат - сол жылдың жазында ауысты. Содан бері команда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесіне бес рет қол жеткізіп, бір рет қола алды. Осыған қоса, команда төрт рет Кубокта жеңіске жетіп, екі рет Суперкубок ұтып алды.

Өзгелердің жаңалығы