Ислам ынтымақтастық ойындары. Жерлестеріміз чемпион атанды

18 Тамыз 2022, 12:36
1702
Бөлісу:
Ислам ынтымақтастық ойындары. Жерлестеріміз чемпион атанды

Қоржында тағы 4 алтын. Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастық ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.

 Жарыстың соңғы күндері кикбоксингтен медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық спортшылар арасынан 51 келідегі Нұрсұлтан Жұмабаев қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдегер атанды. 

Ол финалда Өзбексан спортшысын ұтты. Кейін Нұрсұлтанның жеңіс жолын орта салмқатардағы Алихан Оздоев пен Мақсат Үсіпов жалғастырды. 

Бұған қоса, 81 келіде сынға түскен Руслан Степанов финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Нәтижесінде ұлттық құрама спортшылары 3 алтын және 1 күміс жеңіп алды. 

Медальдар тізімі арта түсуі мүмкін. Өйткені финалға жолдама алған тағы бір спортшымыз Берік Ысқақов енді бағын сынайды. 

Жүзу шеберлері де жеңіс тұғырынан табылды. Әсіресе ұлттық құрама үздігі Әділбек Мусин бұл жолы 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион болды. Тіпті ол аталған аралықты 23.50 секундта бағындырып, рекорд жаңартты. 

Командалық эстафетатада да алтын жүлдеміз бар. Дәл осы Әділбек Мусин, бұған қоса Егор Попов, Айбек Камзенов және Александр Варакиннен құралған төрттік 400 метрлік сында топ жарды.

 Ал, қазақстанның қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Каратэ шеберлері де жақсы өнер көрсетіп жатыр. 

Әсіресе 60 келіге дейінгілер арасында Қайсар Алпысбай барлық қарсыласын ұтты. Ол финалда Кувейт өкілімен жолығып, 4:1 есебімен басым түсті.

 Осының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есептегі 5-ші орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз бүгінге дейін бас-аяғы 80 медаль еншіледі. Оның 24-і алтын.

Өзгелердің жаңалығы