Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Іскер аймақ" бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Бүгiн, 10:57
139
Бөлісу:
 Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Қазіргі кезеңде ауылдағы кәсіпкерлікті ілгерілетуге, соның ішінде жергілікті шикізат пен мүмкіндіктерге сүйене отырып, өңдеу бағыттарын, қолөнерді және шағын өндіріс ошақтарын дамытуға басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобаларын да қамтитын бұл бастамалар "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы аясында қосымша қолдауға ие бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, аталған жобалар субсидиялар, инфрақұрылымдық және қаржылық емес мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде басым тәртіппен қарастырылатын болады.

Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейдегі банктер кредиттеуінің жалпы көлемі жылына шамамен 400 млрд теңгені құрайтын болады. 2026 жылға арналған субсидиялауға жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте бірінші жылы 5 мыңнан астам жобаны қолдау күтілуде, – деп түсіндірді вице-премьер.

Айта кетерлігі, абағдарламаға қатысушылар микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болады.

Бір жобаға кредиттің ең көп сомасы – 200 млн теңгеге дейін.

Субсидиялау – номиналды мөлшерлеменің 40%-ы.

Субсидиялау мерзімі – ұзартусыз 3 жылға дейін.

Есептеулерге сәйкес, Бағдарламаны 2026-2028 жылдары іске асыру:

23 мыңға жуық жобаны қолдауға;

1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге;

шамамен 127 млрд теңгеге бюджеттік қолдауға мүмкіндік береді.

Мультипликативті түрінде күтілетін әсер:

салық түсімдері – 157 млрд теңге;

өнім шығару – шамамен 1,4 трлн теңге;

шамамен 7 мың жаңа жұмыс орнын құру және шамамен 136 мың жұмыс орнын сақтап қалу.

Бюджеттік жүктеме 2026-2028 жылдары шыңына көтеріле отырып, кейіннен төмендеумен орташа және уақытша сипатта болады. Бағдарламаны әкімшілендіру egov.business және Damu Online порталдары арқылы өтінімдер беруді, кәсіпкердің жеке кабинеті арқылы «бір терезе» қағидатын іске асыруды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол шалғай ауылдардың барлығында интернет бола бермейтіндіктен консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің көшпелі форматы енгізілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы