Іскер әйелдер Абай облысының дамуын талқылады

6 Қаңтар 2024, 22:49
93
Бөлісу:
Іскер әйелдер Абай облысының дамуын талқылады
Фото: gov.kz

Іскер әйелдер Абай облысының дамуын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ұранхаев өңірдің іскер әйелдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, сондай-ақ облысты дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынуға мүмкіндік алды.

Облыстың өркендеуіне бағытталған көп жұмыс атқарылды. Бірнеше жыл ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлі тұрақты түрде артып келеді. Жалпы, әйелдер қауымының барлық саладағы белсенділігі көңіл қуантады. Сіздер еліміздің дамуына айрықша үлес қосып келесіздер. Мемлекеттік қызметте, бизнесте, саясатта, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы еңбектеріңізді ерекше бағалаймыз, - деді өңір басшысы.

Кездесу барысында әйел адамдарының кәсіпкерлік саласын дамытудағы үлесі, цйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы жұмыстар, гендерлік теңдікті сақтау, әйелдер құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

Өзгелердің жаңалығы