«ISKER ANA» бағдарламасы сәтімен іске асуда

18 Наурыз 2021, 14:41
2307
Бөлісу:
«ISKER ANA» бағдарламасы сәтімен іске асуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Бақытты отбасы» қалалық орталығының үйлестірушісі Әсем Байділданова Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты. 

Оның айтуынша, қазір әр аудандағы «Бақытты отбасы» орталығы базасында «ISKER ANA» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама аясында көп балалы аналарға тіркеу, заңгерлік және психологиялық көмектен бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға, бизнес-жоспар құруға, өз бизнесін ашуға, грант немесе микрокредит алуға дейін қадамдық жұмыс ұсынылады. Осы жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмысқа орналастыру және өз бизнесін дамыту мақсатында демеушілер арқылы Әуезов ауданында тоқыма және азық-түлік өнімдерін қолдан сату үшін 4 сауда нүктесі ашылды. Алмалы ауданында әлеуметтік тігін цехы өз жұмысын бастады, - дейді ол.
Сонымен қатар Түрксіб ауданында көпбалалы аналардың қолдан жасаған тауарларын сататын «Іскер Ана» сауда үйі ашылған. Сауда үйінде соңғы стильдегі ұлттық костюмдер, құрақ көрпе, ұлттық нақыштағы әшекейлер, әйелдерге арналған киімдер сатылымға қойылған, сондай-ақ киімдерді өңдеу және жөндеу бойынша қызмет көрсетіледі екен.

Жалпы «Бақытты отбасы» орталықтарында: ересектерге арналған ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін сөмкелері, компьютерлік біліктілік және тағы басқа қызметтер көрсетіледі. Ал балаларға арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі сынды курстары тегін түрде өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы