Іске асатын жобалар халық табысын 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді – Ерғалиев

5 Қараша 2021, 16:09
1037
Бөлісу:
Іске асатын жобалар халық табысын 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Үш ұлттық жобаны тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5%-дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27% - ға арттыруға және еліміз бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн  оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге жеке инвестициялар тартылады.

Бүгін таныстырылған Ұлттық жобалар еліміздің энергетика, сауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму, экология, геология және табиғи ресурстар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт министрліктерімен, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырылатын болады, – деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.



Өзгелердің жаңалығы