Ішкі туризм. Бурабайдағы бір күн

16 Маусым 2020, 10:56
9910
Бөлісу:
Ішкі туризм. Бурабайдағы бір күн
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Бурабай, BAQ.KZ тілшісі. Жаз шықса, елордалықтар демалыс күндерін пайдаланып, Бурабайға қарай ағылады. Бурабайға қалай жетуге болады? Қайда тоқтап, демалысты қалай қызықты ұйымдастыруға болады? "Бурабай" курортының туризмі туристердің көңілінен шыға ма? Осы сұрақтардың жауабын Бурабайдағы демалушылардың пікірі арқылы жеткізуге тырыстық.

image-15-06-20-15-27-6.jpeg

Бурабай курорты - Қазақстандағы табиғаты ерекше жерлердің бірі. Мұнда жыл сайын мыңдаған турист келеді. 

image-15-06-20-15-27-17.jpeg

Олардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтаннан, Ресейден, сондай-ақ Швейцариядан келген туристерді де кездестіруге болады.

Нұр-Сұлтан -> Бурабай. Бурабайға қалай жетуге болады?
image-15-06-20-15-27-21.jpeg

Астанадан Бурабайға дейінгі арақашықтық шамамен 260 км. Жол ұзақтығы – көлікпен 2,5-3 сағат. Бурабайға елордадан пойызбен, автобуспен, жеңіл көлікпен жетуге болады. Пойызбен барған турист алдымен Бурабай курорты (Щучинск) станциясынан түсіп, кейін Бурабай орталығына дейін қоғамдық көлік не таксимен бара алады. Пойыз билеті шамамен 1500 теңге. Жол ұзақтығы – 4 сағат. Ал жеңіл көлікпен шыққандар 2,5-3 сағатта жетеді. Indriver таксистерінің бағасы – 3000-4000 теңге (1 адамға).

image-15-06-20-15-27-12.jpeg

Бурабайға келетін көліктер курорттың орталық көшесі Кенесарыға келіп тоқтайды.

WhatsApp Image 2020-06-15 at 18.08.45.jpeg

Біз де сенбі-жексенбілік демалысымызда Бурабайға жол тарттық. 

image-15-06-20-15-28.jpeg

Алдын ала ауа райын қарап алдық. Сәйкесінше, ауа райы да сәтті болды. 

image-15-06-20-15-27-27.jpeg

Саяхат барысында демалыс үйіне тоқтадық. Үй иесімен әңгімелесіп, туристер жайында сөз қозғадық.

image-15-06-20-15-27-23.jpeg

Гүлшат Қалижанқызының айтуынша, жаз басталғанда Бурабайға келушілер саны күрт көбейеді. Ал қыста керісінше, азаяды. Тіпті шипажайға келушілер саны өте аз болатын көрінеді.

image-15-06-20-15-27 (1).jpeg

Туристердің басым көпшілігі Ресейден, Нұр-Сұлтаннан келеді. Ресейлік туристер мен жергілікті туристер арасында айырмашылық бар. Әсіресе олардың өз-өзін ұстауларында ерекшеліктер айтарлықтай байқауға болады. Өзім педагогпын, мектепке дейінгі және бастауыш білім бойынша. Қызылтуда және кейін Щучинсктегі "Голубой парус" балабақшасында директор болып қызмет еттім. Қазір пенсиядамын. Осы бизнеспен айналысып жатқан жолдасыма өткен жылдан бастап көмектесе бастадым. Жолдасым 6-7 жылдан бері осы туризм саласында. Елімізде туризм саласы әлі ақсап тұр. Туризмді дамыту үшін ең алдымен тазалықты қадағалап, "жағажайды қоқыстан тазаласа" деген ниетіміз бар. Әйтсе де туристер өздері де демалған жерін ұқыпты ұстаса, табиғат ластанбайтын еді. Жаз кезінде Бурабайға келушілер көбейеді. Ал қыста тіпті курорттағы шипажайлардың өзінде адам тола бермейді. Сондықтан біз келушілердің статистикасын жүргізуді әлі қолға алмадық. Қонақ үйдің тазалығын ұстауға "сезон" басталғанда 2 көмекші аламын. Оларға күніне не айлық ретінде жалақыларын төлеп тұрамыз, - дейді Гүлшат Қалижанқызы.

Біз тоқтаған демалыс үйі "Төрт мезгіл" деп аталады. Біз келгенде үй иелері қонақ күтуге қамданып жатты. Қазақтың ұлттық тағамы мен түрлі салаттар әзірледі. Біз үш кісіге арналған бір бөлме алып, осы демалыс үйіне жайғастық.

WhatsApp Image 2020-06-15 at 18.09.18.jpeg

Орталықтағы көшеде базар орналасқан. 

image-15-06-20-15-27-4.jpeg

Онда демалуға келушілер ішіп-жейтін тамақтан бөлек, кәдесыйлар сатып ала алады. 

image-15-06-20-15-27-2.jpeg

Кәдесыйлардың бағасы 100 теңгеден басталып, көлеміне, сапасына қарай қымбаттай береді.

image-15-06-20-15-27-3.jpeg

image-15-06-20-15-27-1.jpeg

Бір қуантарлығы Бурабай курорты да цифрланып жатыр. Осыдан 1-2 жыл бұрын тек қолма қол ақша айналымда болса, қазір алған затыңыз үшін банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасауға болады.

image-15-06-20-15-27-3 (1).jpeg

Маған Бурабайға жасаған саяхатым өте ұнады. Дегенмен, мұнда туризм әлі дамымаған. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымға көңіл бөлсе, әсіресе әжетхананы салуға мән берсе. Саяхат барысында бірен-саран биоәжетхана кездескенімен, туристер үшін айтарлықтай таза деп айту қиын. Еліміздегі туризм саласын дамытумен айналысатын ұйым осы сұрақтың шешімін табады деп сенемін. Бурабай курортына indriver қосымшасы арқылы алдын ала көлік тауып, достарымызбен бардық. Үйді курортқа жеткеннен соң таптық. Бурабай орталығына жетсеңіз, үй, қонақ үй ұсынатын жергілікті тұрғындар өздері-ақ кездеседі. Өз бюджетіңізге қарай, үй бағасымен келісуге де болады. Егер сіз барлығын алдын ала дайындап қойғанды ұнататын болсаңыз, онда krysha.kz-тен үй қарауға кеңес беремін. Бағалары 3 мыңнан басталады. Сондай-ақ, коттеджден бөлме емес, жеке үй алғаныңыз жөн. Себебі туристер демалу үшін келетін болғандықтан, түнгі ұйқыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан осы мәселені де есепке алған жөн. Тамаққа келетін болсақ, біз жолға түрлі тіскебасар тағам алдық. Осылайша, біршама ақша үнемдедік. Бурабайдағы сервис ақсап тұр, бұл туристік жер үшін таңқаларлық жағдай. Мысалы, алдымызда түрлі кафе кездескенімен, оның тек үшіншісінен ғана кәуап таптық. Дегенмен, тапсырысты айтарлықтай ұзақ күтуге тура келді. Өзіңізбен бірге дайын маринадталған ет алуға кеңес беремін. Достарыңызбен от жағып, табиғат аясында тағамды өзіңіз дайындап жегенге не жетсін. Жалпы Бурабайдағы демалысым керемет өтті. Ол бірге барған ортаңа да байланысты. Мен шетелдік достарымды Алматыға апарушы едім. Ол жақта туризм дамыған. Бурабайдың табиғаты әсем болғанымен, кей минустарын көрсеткім келмейді, - дейді 27 жастағы мұғалім Әмина Смағұлова.
image-15-06-20-15-27-15.jpeg

Саяхат барысында туристер жиі баратын "Бөлектау" тауының шыңына шықтық.

image-15-06-20-15-27-22.jpeg

Өзімізбен бірге көк туымызды ала бардық. Шыңның әдемі көрінісінде тумен суретке түсуге қызығушылық танытқандар көп болды. Олар туды кезекпен алып, естелікке суретке түсіп алды.


Тауға көтерілгендер саны аз болмады. Олардың кейбірін сөзге тартып, Бурабайдағы саяхаттарымен, әсерлерімен бөлісуге шақырып көрдік.

Мен Бурабайда жиі боламын. Маған табиғаты ұнайды. Өзім астанадан келдім. Бурабайға қыста да, жазда да келіп тұрамыз. Курорттың жергілікті тұрғындары өте қарапайым, мейірімді. Бір минусы – бәрі қымбат. Бір түнге жақсы үй алу үшін 18 мың төлеу қажет. Бұл өте қымбат, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны Диас Смағұлов.
image-15-06-20-15-27-18.jpeg

Ал шетелдік курорттарда жиі демалатын саяхатшы Сая Хасенова Бурабайға келгенде ерекше демалып қалатынын айтты.

image-15-06-20-15-27-20.jpeg

Біз астанадан достарымызбен келдік. Маған әсіресе Бурабайға кірген бойдағы әдемі орманы ұнайды. Мұнда келгенде тынысымыз ашылып, демалып қаламыз. Қазақстанда да шетелдік курорттар сияқты баратын жерлер өте көп. Дегенмен, Бурабай – бөлек әңгіме. Себебі, маған Бурабайдың ауасы ұнайды. Бұл біздің - жауһарымыз. Әйтсе де, турист ретіне қайда барсам да ең алдымен сервисті бағалаймын. Бурабайда өкінішке қарай, ол жағы әлі нашар. Бірақ бізде де туризм дамиды деп сенеміз, күтеміз. Мен өзім саяхатшымын. Шетелде көп боламын. Ал еліміздегі Алматы, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда қалаларында болдым. Бірақ әлі де Бурабайды шетелдік курорттармен салыстыруға келмейді, - дейді 34 жастағы саяхатшы Сая.
image-15-06-20-15-27-24.jpeg

Сонымен қатар, орталықтан жағажайға өтіп, Бурабай көліне шомылуға болады. Мұнда тегін де, ақылы да жағажайлар бар. 

image-15-06-20-15-27-16.jpeg

Орман ішіндегі жол арқылы Абылай хан алаңына жаяу жетуге болады. 

image-15-06-20-15-27-11.jpeg

Жаяу жүрсеңіз, түрлі әдемі пейзажға куә боласыз.

image-15-06-20-15-27-14.jpeg

Жағажайға жақын маңайда балмұздақ, салқын су сататын киоскілер бар. 

image-15-06-20-15-27-9.jpeg

Егер қалтаңызда қолма-қол ақша болмаса, банктің мобильді қосымшасы арқылы аударма жасауға болады.

image-15-06-20-15-27-5.jpeg

Спортпен шұғылданғыңыз келсе, жалдамалы велосипед алуға, волейбол ойнауға да жағдай жасалған.

image-15-06-20-15-27-7.jpeg

Орман ішінде қоқыс тастауға арналған қаптар қойылған.

image-15-06-20-15-27-19.jpeg

image-15-06-20-15-27-25.jpeg

WhatsApp Image 2020-06-15 at 18.07.53.jpeg

Бурабай – керемет жер. "Жер жәннаты – Бурабай" деп бекер айтылмаған да болар. Бурабайға жиі келіп тұрамыз. Табиғат аясында достарымызбен жиі боламыз. Табиғаты, тау-тасы, орманы, бәрі ұнады. Дегенмен, сервис жағы әлі де ақсап тұр. Ақшаң болса, демалатын жақсы жерлер өте көп. Өзіміз осы маңайда тұрғандықтан, көбіне таныстарымыз жеңілдік жасайды. Әйтпесе үй жалдау қымбат, - дейді Щучинск тұрғыны Азамат Жаркеев.

 image-15-06-20-15-27-28.jpeg

Өзгелердің жаңалығы