Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

10 Қаңтар 2022, 16:13
1150
Бөлісу:
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. 
Осы күнге орай бүкіл ел бойынша ІІМ бөлімшелерінде жасалған террористік актілердің салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік рәсімі өтті. 

Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде қарулы қылмыскерлердің қолынан ішкі істер органдарының 8 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты. Олар азаматтардың қауіпсіздігін және олардың тыныштығын қорғау бойынша өздерінің қызметтік және әскери борыштарын атқарып, ерлік пен батырлық көрсетті. Қаза тапқан әріптестерді еске алу қызметтестердің және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деді жеке құрамға арнаған сөзінде Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін қаза тапқан қызметкерлер марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы